
Шығыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге, мемлекеттік кірістер органдары салықтар мен төлемдердің бюджетке толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету бойынша маңызды міндеттерді орындаумен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасына және Салық кодексіне сәйкес әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша міндеттерді де атқаратынын хабарлайды (Салық кодексінің 18-бабының 1-тармағының 2 және 3-тармақшалары).
Әлеуметтік төлемдер – бұл міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес төленетін әлеуметтік аударымдар, Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына сәйкес төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар мен аударымдар (Салық кодексінің 1-бабының 3-тармағы).
Әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелер, олардың мөлшерлері мен ставкалары Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі мен Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңымен айқындалады.
|
Төлем түрі |
Төлеуші |
Құқықтық негіз |
Ставка |
|
Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) |
Жұмысшы |
ҚР Әлеуметтік кодексі №224-VII |
10% |
|
Міндетті кәсіби зейнетақы жарналары (МКЗЖ) |
Жұмыс беруші |
ҚР Әлеуметтік кодексі №224-VII |
5% |
|
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) |
Жұмыс беруші |
ҚР Әлеуметтік кодексі №224-VII |
2024 – 1,5% |
|
Әлеуметтік аударымдар (ӘА) |
Жұмыс беруші |
ҚР Әлеуметтік кодексі №224-VII |
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 5% |
|
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдар (МӘМС) |
Жұмыс беруші |
ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы №405-V |
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 3% |
|
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар (МӘМСЖ) |
Жұмысшы |
ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы №405-V |
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2% |
Сонымен қатар, тәжірибе көрсеткендей, барлық кәсіпкерлер табысқа ие бола тұра өз міндеттемелерін адал орындамайды, әлеуметтік төлемдерді уақытында немесе толық төлемей немесе мүлдем төлемей жатады.
Хабарлаймыз, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған:
зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы бұзу (ҚР ӘҚБтК 91-бабының 7-бөлімі);
міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы заңнаманы бұзу (ҚР ӘҚБтК 92-бабының 2-бөлігінің 2-тармақшасы);
Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңын бұзу (ҚР ӘҚБтК 92-1-бабы).
Шығыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерді өздерінің салықтық міндеттемелерін және әлеуметтік төлемдерді төлеуді адал орындауға шақырады. Әлеуметтік төлемдерді төлеу ең алдымен зейнетақымен, медициналық және әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтеміз.