«Үздік салық төлеуші» және «Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы» акциясы

«Үздік салық төлеуші» және «Сыртқы экономикалық қызметтің  үздік қатысушысы» акциясы

2025 жылғы 20 қарашада Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірлік деңгейде «Үздік салық төлеуші», «Үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушы» атағына ие болған лауреаттарды марапаттау салтанаты өтті.

Іс - шараны Департамент басшысы Саят Сайлаубекұлы Бимағамбетов ашып, өзінің құттықтау сөзінде «Үздік салық төлеуші» және «Үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушы» акциясы жыл сайын мемлекеттік кірістер органдарымен әріптестік қатынастарды нығайту және салық төлеушілердің мемлекеттік кірістер органдарына деген ашықтығы мен сенімін арттыру мақсатында өткізетінін атап өтті.

Бүгінде салық төлеушілер, кәсіпкерлер және сыртқы экономикалық қызметтің қатысушылары облыс қана емес, бүкіл ел экономикасының дамуына зор үлес қосып, азаматтардың әл-ауқатының артуына ықпал етуде.

Акция қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бекітілген шарттарына сәйкес, қызметінің ерекшелігі мен таңдалған режиміне байланысты жоғары салық тәртібі мен салық міндеттемелерін жауапкершілікпен орындауы негізінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Үздік салық төлеуші», «Үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушы» атақтарына лайықты 12 лауреат анықталды.

Марапаттау рәсімінен кейін бизнес өкілдерімен бірге 2026 жылдан бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіндегі жаңалықтар талқыланды. Департамент басшысы жаңа Салық кодексі салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге, рәсімдердің ашықтығын арттыруға және кәсіпкерлік белсенділікті, әсіресе шағын және орта бизнесті ынталандыруға бағытталғанын атап өтті. Жаңартудың негізгі мақсаты — салық жүйесін неғұрлым әділ және экономикалық өсімге бағыттау болып табылады.

Акция жеңімпаздарын жемісті ынтымақтастықтары және Қазақстан экономикасының дамуына қосқан зор үлестері үшін құттықтаймыз! Бизнестің одан әрі өсіп - өркендеп, табысты дамуын тілейміз!