Ұлттық валюта күніне орай ШҚО бойынша МКД қызметкерлері ведомстволық наградалармен марапатталды

Ұлттық валюта күніне орай ШҚО бойынша МКД қызметкерлері ведомстволық наградалармен марапатталды

2025 жылғы 19 қарашада Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне арналған салтанатты іс - шара өтті. Марапаттау рәсімі барысында Департамент басшысы елдің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға және мемлекеттік кірістер органдары қызметінің тиімділігін арттыруға елеулі үлес қосқан қызметкерлердің еңбегін атап өтті.

Іс - шараны ашқан ШҚО бойынша МКД басшысы Саят Бимағамбетов ведомство қызметкерлерінің қызмет барысындағы кәсібилігінің, жоғары жауапкершілігінің және іске адалдықтарының маңыздылығын ерекше атап өтті. Департамент қызметкерлерінің нәтижелі жұмысының арқасында бюджетке уақытылы түсімдердің қамтамасыз етілуі, салық және кеден әкімшілендіруінің тиімділігі артып, халық пен бизнеске арналған цифрлық сервистердің дамып келе жатқаны айтылды.

Марапаттау рәсімі барысында қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі және нәтижелі еңбегі үшін Департаменттің бірқатар қызметкерлері ведомстволық наградалармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 5 қарашадағы №1050-жк бұйрығына сәйкес 8 қызметкер «Қаржы қызметінің үздігі» төс белгісімен марапатталды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 5 қарашадағы №1050-ж бұйрығына сәйкес 8 қызметкер Қаржы министрінің Құрмет грамотасын алды.

Бұдан бөлек, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының 2025 жылғы 11 қарашадағы №206 бұйрығына сәйкес 39 қызметкер Департаменттің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Өз кезегінде марапатталған қызметкерлер басшылыққа алғыстарын білдіріп, бұл құрмет олардың кәсіби дамуына, жұмыс тиімділігі мен сапасын арттыруға ынталандыра түсетінің атап өтті.