С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенттерімен кездесу

С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенттерімен кездесу

2025 жылғы 14 қарашада Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ШҚО Қазынашылық департаментінің өкілдерімен бірлесе отырып, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Қаржы, бизнес және басқару кафедрасының студенттерімен Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күніне орай кездесу өткізді.

Іс - шараның мақсаты – студенттерде қаржылық сауаттылық, салық мәдениеті, адалдық және азаматтық жауапкершілік қағидаларын қалыптастыру.

Кездесу барысында Камералдық мониторинг басқармасының басшысы Гүлжанат Беркутова Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы ақпаратпен бөлісіп, оның басты функциялары мен міндеттеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Басты назар жеке тұлғаларға салық салу мәселелеріне, «Түбіртекті талап ет – сыйлық ұтып ал!» және «Бәйге» акцияларын жүзеге асыруға аударылды.

Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға толыққанды жауап алды. Алдағы уақытта Департамент жастардың салықтық және кедендік сауаттылығын арттыру мақсатында  студенттермен ақпараттық кездесулерді жалғастыруды жоспарлап отыр.