
Экспорт бойынша операциялар:
Үшінші елдерге экспорт жасалғанда айналымның жасалу күні ретінде ЕАЭО кеден шекарасын нақты өткен күні есептеледі.
Айналымды нөлдік мөлшерлемемен есепке алуды жеңілдету мақсатында тауарларға декларацияны тіркеу күні де айналым жасау күні ретінде мойындалады.
Нерезиденттен алынған қызметтер мен жұмыстар бойынша ЭСФ:
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында орналасқан мүлікке қатысты нерезиденттен алынған жұмыстар мен қызметтер бойынша ҚҚС төлеуші міндетті түрде электронды счет-фактура (ЭСФ) рәсімдеуі тиіс.
Бұл шара әкімшілендіруді жеңілдетеді және болашақта ҚҚС декларацияларын автоматты толтыруға көшуге мүмкіндік береді.
ҚҚС-ты есепке алу (зачет) мәселелері:
ҚҚС ставкасының 12%-дан 16%-ға көтерілуіне байланысты, сондай-ақ ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында (өндірушілер, өңдеушілер, ауылшаруашылық кооперативтері) есепке алынатын қосымша соманың мөлшері 70%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды.
2026 жылдан бастап ҚҚС есепке алу мерзімі – тауарлар, жұмыстар, қызметтерді алған күнмен бірдей болады.
ҚҚС төлеуші ЭСФ ақпараттық жүйесінде (ИС ЭСФ) осы қабылдауды декларацияны тапсырудан бұрын белгілейді.
ҚҚС декларациясын тапсыру мерзімі:
ҚҚС декларациясын тапсыру мерзімі шектеледі:
декларацияны беру мерзімі календарлық тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен ерте басталмайды,
декларацияны беру мерзімі календарлық тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмейді.