
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енетінін хабарлайды.
Өзгерістер қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша тіркеу есебі мәселелерін қамтиды:
ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу мынадай түрде жүзеге асырылады:
ҚҚС төлеуші ретінде ерікті түрде тіркеу (ҚҚС бойынша тіркеуге жатпайтындардан басқа);
Міндетті түрде тіркеу – күнтізбелік жыл ішінде айналым шегінен асып кеткен жағдайда (сондай-ақ сенім білдірілген басқарушы үшін де қолданылады);
Шартты түрде тіркеу – шетелдік компаниялар үшін.
Айналымның шекті мөлшері – 10 000 АЕК.
ҚҚС төлеуші ретінде тіркеуге жатпайтындар:
мемлекеттік мекеме;
резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
жеке практикамен айналысатын тұлға;
арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші;
жеке тұлға.
Міндетті тіркеу үшін өтініш – айналым шегінен асқан сәттен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуі тиіс.
Егер ірі мәміле айналым шегінен асып кететін болса, салық төлеуші мәміле жасалғанға дейін өтініш беруі қажет.
Тіркеусіз кезеңде жасалған айналым (шекті мөлшерден асқан) тиісті кезең үшін салық салынатын айналым болып саналады және салық жауапкершілігі қарастырылады.
ҚҚС төлеуші ретінде тіркеуден шығару келесі жағдайларда жүргізіледі:
жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен арнаулы салық режиміне өткен кезде;
қызметін тоқтатқанда немесе заңды тұлға таратылғанда.
Айналымның шекті мөлшеріне жетпеген жағдайда тіркеуден шығару көзделмеген.