2025 жылғы 29 қыркүйекте Марқакөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы кәсіпкерлердің қатысуымен семинар өткізді.
Іс-шара барысында арнайы салық режимдерін қолдану, олардың түрлері мен шарттары, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу тәртібі, кассалық тәртіпті сақтау және POS-терминалдарды пайдалану мәселелері түсіндірілді.
Семинардың мақсаты – аудан кәсіпкерлерінің салықтық сауаттылығын арттыру және оларды қолдау.