Қайырлы күн, Құрметті тыңдаушылар! Бүгінгі баяндаманың тақырыбы: Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі тыйымдар мен шектеулер

Қайырлы күн, Құрметті тыңдаушылар!  Бүгінгі баяндаманың тақырыбы: Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі тыйымдар мен шектеулер

ЕАЭО шеңберіндегі тыйымдар мен шектеулер

Салық төлеушілерден Қазақстаннан ЕАЭО елдеріне тауарларды әкелу мен әкетуге қатысты қолданыстағы тыйымдар туралы көптеген сұрақтардың түсуіне байланысты осы тақырыпқа тоқталамыз. «Еуразиялық экономикалық одақ туралы» шарттың 25-бабына сәйкес, кеден одағы шеңберінде мүше мемлекеттердің аумақтары арасында тауарлар еркін қозғалады және кедендік декларациясыз жүзеге асырылады. ЕАЭО елдерімен шекарадағы мемлекеттік кірістер органдары арнайы тауарлардың қозғалысын, тыйымдар мен шектеулердің сақталуын, сондай-ақ ДСҰ алып тастау тізіміне енгізілген тауарлардың әкетілуін бақылайды. Сонымен қатар, елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, биылғы жылы келесі тауарларға тыйымдар мен шектеулер енгізілді:

1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 184-н/қ бірлескен бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде ЕАЭО мүше мемлекеттеріне мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салынды. Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге мынадай мұнай өнімдерін: - автомобиль көлігімен бензин, дизель отыны және жекелеген мұнай өнімдері (ЕАЭО СЭҚ ТН 2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00), - майларды қоспағанда (ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0), бензобактарда шығаруды, сондай-ақ көлік құралдарын шығаратын зауыттармен авиациялық отынды (реактивті қозғалтқыштарға арналған отын) ғылыми-зерттеу, сынақ және өндірістік сынамалар ретінде пайдалануға әкетуге ерекше жағдайлармен ғана рұқсат етіледі. Ол үшін уәкілетті органмен келісу және арнайы хат арқылы келісілген көлемдегі үлгілер болуы қажет.  

Сондай-ақ, гуманитарлық көмек көрсету және төтенше жағдайлардың, апаттардың салдарын жою шеңберінде мұнай өнімдерін әкетуге рұқсат беріледі — бұл 2024 жылғы 29 қыркүйектен 2025 жылғы 29 наурызға дейінгі кезеңді қамтиды.
- Теміржол көлігімен әкетілетін мұнай өнімдеріне де шектеу бар (ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 12), бензинді әкетуді (ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 12 450 0, 2710 12 490 0, 2710 12 412 0, 2710 12 413 0) қоспағанда. Бұл шектеулер Қазақстан Республикасының «Жекелеген мұнай өнімдерін мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабына сәйкес белгіленген жоспарлы жеткізілімдерге қатысты.

2) "сұйытылган мұнай газын тасымалдаудын, кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 13 мамырдағы Nº 202 Бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағынан суйытылган мұнай газын (ЕАЭО СЭК ТН коды 2711 12 970 0), пропанды (ЕАЭО СЭК ТН коды 2711 12 940 0) жене бутанды (коды ЕАЭО СЭК ТН 2711 13 970 0) автомобиль және темір жол көлігімен алты ай мерзімге, коспаганда:

1) "Салық жене бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 722-бабының 1-тармағына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалану келісімшарты шеңберінде өндірісті жүзеге асырған жер қойнауын пайдаланушылар әкеткен;

2) Қарашығанақ кен орнында өндірілген қазақстандық шикізаттан өндірілген (қайта өңделген) тауарларды Қазақстан Республикасының халықаралық, шарттары негізінде әкету;

3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде басталатын және аяқталатын орны ауыстырылатын транзиттік тасымалдар;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек шеңберінде әкетілетін.

3.Мойынтіректердің /подшипники/ жекелеген түрлерінің экспортын реттеу және сыртқы сауда қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы Nº 1150 Қаулысы қабылданды. "Мойынтіректердің жекелеген түрлерін экспорттауға айрықша құқық берудің, кейбір мәселелері туралы". Осы қаулымен:

1.Экспорты айрықша құқық болган жағдайда ғана мүмкін;

2.Экспортқа айрықша құқығы бар сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тізімі;

3.Мойынтіректерді экспорттауға айрықша лицензияларды беру және тоқтату ережесі. Экспортқа айрықша лицензия берумен ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті айналысатын болады. Айрықша лицензияның қолданылу мерзімі сыртқы сауда келісімшартының, мерзімі бойынша шектеу мүмкіндігімен бір жылды құрайды.

Қосымша акпарат пен консультациялар алу ушін үкілетті органдарға хабарласуды ұсынамыз.

Назар аударғандарыңыз үшін рахмет!