"Amian" мобильді қосымшасы арқылы МКК акциялары

"Amian" мобильді қосымшасы арқылы МКК акциялары

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті халықтың салық мәдениетін арттыру, кассалық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету және көлеңкелі экономиканы азайту мақсатында «Amian» мобильді қосымшасы арқылы келесі акцияларды өткізуде:

  1. «Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал»
  • Мерзімі: 2025 жылғы 3 сәуір – 31 желтоқсан аралығында.
  • Қатысу: түбіртектерді қосымша арқылы тіркеу.
  • Жүлделер: ақшалай және бағалы сыйлықтар.

 

  1. «Бәйге»
  • Мерзімі: 2025 жылғы 1 мамыр – 31 желтоқсан аралығында.
  • Нәтижелері тоқсан сайын шығарылады.
  • Ең көп түбіртек жинаған 20 жеңімпазға (әр өңірден) – 100 000 теңге беріледі.

 

  1. Пилоттық жоба «Salyq кэшбэк»
  • Мерзімі: 2025 жылғы 15 наурыз – 31 желтоқсан аралығында.
  • Мәні: шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен жасалған сатып алулардан 2%-ы қайтарылады.
  • Қаражатты картаға немесе телефон теңгеріміне аударуға болады.

 

  1. Halyk Bank-пен ай сайынғы ұтыс ойындары
  • Мерзімі: 2025 жылғы 1 маусым – 30 қараша.
  • Жүлделер: 100 000 бонусқа дейін.
  • Шарттары: Halyk картасымен немесе QR арқылы төлем жасау.

 

Түбіртектің маңыздылығы:

  • Түбіртек — мәмілені растайды және тұтынушының құқықтарын қорғайды.
  • Түбіртек берілмеген жағдайда кәсіпкердің табысы төмендейді, салық түсімдері азаяды.
  • Әр түбіртек — экономиканың ашықтығына және адал кәсіпкерлікке қосқан үлес.

 

Сонымен қатар, «Amian» қосымшасында кассалық тәртіп бұзушылықтарға  (түбіртек бермеу, картамен төлеуден бас тарту) бойынша шағым жіберу қызметі қолжетімді.