Аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармасында "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтау"тақырыбында кездесу

Аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармасында "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтау"тақырыбында кездесу

2025 жылғы 11 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Қойшинов Қ.К. Алтай ауданы (Алтай қ.) және Тарбағатай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының лауазымды тұлғаларымен онлайн-кеңес өткізді.

Кеңес барысында «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңнамаларын, Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтау мәселелері, сондай-ақ құқықбұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік органдарда темекі шегуге қарсы іс-шаралар талқыланды.

Қойшинов Қ.К. мемлекеттік қызметшілер қоғамға үлгі болуы тиіс екенін, заң талаптарын бұзбауы, қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтауы және салауатты өмір салтын ұстануы қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ ол құмар ойындарына қатысуға, қоғамдық орындарда және көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде басқаруға тыйым салынатынын еске салды.

Сонымен қатар, жалпыға декларациялау аясында Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілерге жеке тұлғалардың кіріс және мүлік декларацияларын тапсыру тәртібі бойынша консультациялық көмек көрсетті.

Кеңес қорытындысы бойынша Қойшинов Қ.К. жоғарыда айтылған талаптарды тұрақты сақтау, тәртіпті нығайту және мемлекеттік органдарда заңдылық пен жауапкершілік атмосферасын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.