Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өту тиімділігін арттыру және цифрлық трансформация аясында Қаржы министрлігі CarGoRuqsat электрондық кезек жүйесінің жұмыс ережелеріне өзгерістер енгізуді әзірледі.
Өзгерістер екі нормативтік құқықтық актілердің жобаларында бекітілген:
- 2023 жылғы 27 маусымдағы № 707 бұйрық – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын, жүктер мен тауарларды, оның ішінде ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып өткізу қағидаларын бекіту туралы;
- 2023 жылғы 25 мамырдағы № 538 бұйрық – шекарадан өткізу және электрондық кезек арқылы өту үшін алынатын төлем мөлшерлерін айқындау туралы.
Қазіргі уақытта құжаттар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуде және олардың осы жылдың қыркүйегінде күшіне енуі жоспарлануда.
Негізгі өзгерістер:
- Кепілдік қамтамасыз ету енгізіледі
- Слотты брондау кезінде тасымалдаушы арнайы электрондық шотқа 20 АЕК мөлшерінде кепілдік сомасын аударады.
- Егер 90 күнтізбелік күн ішінде екі рет қатарынан өткізу пунктіне келмесе, бұл сома бюджетке ұсталып қалады.
- Көлік құралы белгіленген уақытта келсе – қаражат автоматты түрде қайтарылады және қайта пайдаланылуы мүмкін.
- Басымдық слоттары
Жекелеген жүк санаттары үшін электрондық кезек жүйесінде ұлғайтылған квотасы бар арнайы дәліздер енгізіледі:
- тез бұзылатын тауарлар,
- тірі жануарлар,
- қауіпті жүктер,
- гуманитарлық көмек.
Бұл шекарадан өту жылдамдығын арттыруға және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Маңызды білу:
- Жаңа енгізулер шекарадан өту құқығын шектемейді, тек инфрақұрылымға ашық тәртіп пен әділ қолжетімділікті белгілейді.
- Барлық өзгерістер тасымалдаушылардың өтініштері, қолданыстағы тәжірибе мен заңнаманы талдау негізінде әзірленді.
- Бұйрықтардың күшіне ену күні туралы қосымша ақпарат мемлекеттік тіркеу рәсімі аяқталғаннан кейін жарияланады.