Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің және салық төлеушілердің қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді.
Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне сәйкес бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) қолданудағы өзгерістер болды.
Баспасөз конференциясы барысында Басқарма мамандары келесі жаңашылдықтарды жан-жақты түсіндірді:
БКМ-ді тіркеу және пайдалану тәртібі;
деректерді онлайн режимінде беру функциясы бар заманауи онлайн-кассаларды енгізу;
бизнеске әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған шаралар;
салық төлеушілердің заңнама талаптарын сақтау жауапкершілігі.
Салық төлеушілерден түскен сұрақтарға да ерекше көңіл бөлінді. БАҚ өкілдері талқыланған тақырыптың өзектілігін және салық мәдениетін арттыруға бағытталған түсіндіру жұмысының маңыздылығын атап өтті.