ҚҚС төлеушіні тіркеу есебіне қою түрлері:
- Ерікті қойылым,
- Міндетті қойылым,
- Шартты қойылым.
Міндетті қойылым:
Айналымның шекті шегі – жылдық айналымы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшеріне тең салық төлеушілер жатады.
ҚҚС төлеушіні есепке қою салық өтініші негізінде жүзеге асырылады, ол айналымның шекті шегінен асқан күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынылады.
Айналымның шекті шегінен асатын мәміле жасалған жағдайда, салық төлеуші осындай мәміле бойынша айналым жасалғанға дейін салықтық өтініш береді
.
Міндетті тіркеу есебіне қоюға жатпайды:
1) мемлекеттік мекеме;
2) Резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
3) жеке практикамен айналысатын адам;
4) арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші (оңайлатылған декларация негізінде, Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін және ШҚ);
5) жеке тұлға.