2025 жылғы 29 тамызда Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Салық кодексіндегі өзгерістерге арналған баспасөз конференциясы өтті. Оған ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қазыбек Қойшинов және түсіндіру жұмыстары және байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова қатысты.
Қазыбек Қойшинов 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда салық салу тәсілін түбегейлі өзгертетін, салықтық әкімшілендіруді жеңілдететін және бизнес пен жеке тұлғалар үшін цифрлық сервистерді енгізетін жаңа Салық кодексі қолданыла бастайтынын қысқаша айтып өтті.
Бұдан әрі Гүлмира Сабралимова негізгі өзгерістермен таныстырды
* корпоративтік салықтың базалық мөлшерлемесі 20% деңгейінде сақталады, бірақ қызмет түрлері бойынша сараланады (25% - банктер мен ойын бизнесі үшін, төмендетілген мөлшерлемелер — әлеуметтік сала мен ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін);
* ҚҚС 16% - ға дейін көтеріледі, медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектер үшін жеңілдікті мөлшерлемелер белгіленеді (2026 жылдан бастап 5% және 2027 жылдан бастап 10%);
* прогрессивті ЖТС енгізіледі-8 500 АЕК-тен жоғары кірістер үшін 15%;
Сондай-ақ арнайы салық режимдері оңтайландырылды (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оңайлатылған декларация бойынша және фермерлер үшін) және салық берешегін кезең-кезеңімен өндіріп алудың жаңа тетіктері енгізілуде.