Атамекен алаңындағы Семинар

Атамекен алаңындағы Семинар

Үлкен Нарын ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, 2025 жылғы 21 тамызда қосылған  күн  салығы мен жалпыға бірдей декларациялауды енгізу және мобильді аударымдарға салықтық бақылау мәселелері бойынша салық заңнамасын түсіндіру тақырыбында семинар өткізді.

Іс-шараға аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері, бастауыш жас кәсіпкерлер және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

Спикерлер бизнес-қоғамдастық өкілдерінің өзекті сұрақтарына жауап берді.

Іс-шара «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті.