«Бәйге» акциясы

«Бәйге» акциясы

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Бәйге" акциясының жалғасы туралы хабарлайды. Осы науқан шеңберінде белгіленген кезеңде фискалдық чектердің ең көп санын тіркеген жеке тұлғалар 100 000 теңге мөлшерінде сыйақы алады. Акция бүкіл ел бойынша 2025 жылдың 1 мамырынан 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін өткізіледі.      

            Әрбір тоқсанның қорытындысы бойынша әр өңірден (жалпы 20 жеңімпаз — әр облыс пен республикалық маңызы бар қаладан бір жеңімпаз) ең көп фискалдық чек сканерлеген азаматтарға 100 000 теңге көлемінде жүлде беріледі.

            Акция тоқсан сайын өткізіледі:

            1-кезең: 1 мамырдан екінші тоқсанның соңына дейін;

            2-кезең: үшінші тоқсанда;

            3-кезең: төртінші тоқсанда.

            Аталған акцияға қатысу үшін «Amian» мобильді қосымшасы арқылы тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге төленген чектерді тіркеу қажет.

            Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарды тұтынушы құқығын қорғау үшін бақылау-кассалық машиналардан берілетін чектерді талап етуге шақырады.