Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қайың фанерінің экспортын автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №51-НҚ бұйрығына сәйкес хабарлайды.
2025 жылғы 1 шілдеден бастап 6 (алты) ай мерзімге қайың фанерінің экспортын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 4412 33 000 0) автоматты лицензиялау (байқау) енгізілген.
Қайың фанерін экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне «Сауда саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №51-НҚ бұйрығына сәйкес ресімделген қайың фанерін экспорттауға рұқсат беру кезінде жүзеге асырылады.