2025 жылғы 6 тамызда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалымен бірлесіп, Өскемен қаласы мен Алтай ауданы (Алтай қаласы) салық төлеушілері үшін семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіру.
Семинар тақырыбы:
«Камералдық бақылау. 2025 және 2026 жылдардағы камералдық бақылау туралы хабарламалар».
Баяндамашы – ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық бақылау басқармасының басшысы Беркутова Гүлжанат Алтайқанқызы.
Сондай-ақ семинар аясында келесі тақырып қарастырылды:
«Halyk Bank-тің POS-терминалдарын халық арасында қолма-қол ақшасыз төлемдер жүргізу кезінде пайдаланудың артықшылықтары».
Баяндамашы – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ШҚОФ Эквайрингті дамыту орталығының басшысы Пудина Инна Игоревна.