Салықтық тексеруге қалай дайындалу керек?

Салықтық тексеруге қалай дайындалу керек?

Мемлекеттік кірістер комитеті ескертеді: уақтылы дайындық – сабырлылық пен ашықтықтың кепілі.

Салық есептілігін тексеріңіз – ішкі аудит жүргізіңіз
Есеп саясаты мен құжаттарды жаңартыңыз
Заңнамадағы өзгерістерді бақылап отырыңыз
Бухгалтерлер мен заңгерлерді оқытыңыз
Салық органдарымен сауатты және мерзімінде әрекеттесіңіз
Еске саламыз: тексеру туралы хабарлама алынған сәттен бастап тексерілетін кезең бойынша есептілікке өзгерістер енгізуге жол берілмейді (ҚР Салық кодексі, 211-бап).

Тексеруге дайындық – тәуекелдерді азайтып, мемлекетпен адал әріптестік орнатуға көмектеседі.