Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 14 мамырдағы № 158 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м. а. 2025 жылғы 14 мамырдағы № 227 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 100 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 7 сәуірдегі бірлескен бұйрығына толықтыру енгізу туралы» бірлескен бұйрығына сәйкес № 155 «ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының аумағында бұқашықтарды әкетуге үш ай мерзімге уақытша тыйым салу белгіленді (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0102).
Бұдан басқа, «Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 100 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 155 бірлескен бұйрығына сәйкес ірі аналық мал басын әкетуге тыйым салу 6 айға ұзартылды (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0104).