
2024 жылғы 14 қарашада Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Атамекен" ҚР ҰКП ШҚОФ алаңында салық төлеушілердің, консалтингтік компаниялар өкілдерінің, СЭҚ қатысушыларының, БАҚ-тың қатысуымен ZOOM конференциясы арқылы офлайн және онлайн форматта брифинг өткізді.
Брифинг барысында Департамент басшысының орынбасары м.а. Асхат Жибитаев өз сөзінде ҚҚС асып кетуін қайтару тәртібі және "Цифрлық ҚҚС"пилоттық жобасының артықшылықтары туралы айтып өтті.
Әрі қарай ШҚО бойынша МКД, Кедендік әкімшілендіру басқармасының басшысы Темір Кулекин Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және әкету кезінде қолданыстағы тыйымдар мен шектеулер туралы таныстырып, сондай-ақ "АСТАНА-1" және "Экспорттық-импорттық операциялардың бірыңғай терезесі" ақпараттық жүйелерін кезең-кезеңімен алмастыратын "Keden" жаңа кедендік ақпараттық жүйесінің іске қосылғаны туралы хабарлады.
Сөз соңында, Департамент өкілдері салық төлеушілер мен БАҚ-тың барлық сұрақтарына жауап берді.