|
№ |
Вопрос |
Ответ |
|
1. 1 |
Егер ЖШС хабарламаға түсініктеме берсе, бұл хабарламаның орындалу болып есептеле ме? |
Салық кодексінің 137-бабының 4-тармағына сәйкес хабарламада көрсетілген алшақтықтармен келіспеген жағдайда – осы баптың 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) хабарламаны ұсынған салық органына Қазақстан Республикасы салық заңнамасының бұзылуына алып келмейтін алшақтықтардың себептері туралы түсінік ұсынуыхабарламаның орындалуы деп танылады. Хабарламада көрсетілген алшақтықтардың бір бөлігімен келіскен жағдайда, салық төлеушінің (салық агентінің) алшақтықтарды анықталған бөлігінде жоюы және қалған бөлікте алшақтықтардың жоқтығы жөнінде түсінікті ұсынуы хабарламаның орындалуы деп танылады. Қазіргі уақытта камералдық бақылауды орталықтандыру, сондай-ақ салық төлеушілермен кері байланыс мәселесінен басқа, хабарлама бойынша деректерді толық түсіндіру мәселесі қарастырылуда. Кез келген түсініктеме орындалған болып есептеледі. Бұл ретте тексерулер тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы жүргізілетініне назар аударамын.
|
|
2 |
Мен пәтерді жалға бергім келеді, өзін-өзі жұмыспен қамтыған ретінде жұмыс істей аламын ба?
|
Салық кодексінің 718-бабының 2-тармағына сәйкес, осы Кодекстің мақсаттары үшін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар (жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген) мынадай шарттарға сәйкес келетін жеке тұлғалар танылады: 1) өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің бірін немесе бірнешеуін жүзеге асыратын; Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітіледі (2025ж. 21 қарашадағы № 994); 2) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын; 3) бір күнтізбелік айдағы табысы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен аспайтын тұлғалар. Осылайша, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесінде – жеке мүлікті жалға беру қызметі рұқсат етілген. Сондықтан, өзін-өзі жұмыспен қамтыған режимін таңдаған салық төлеуші белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда өзіне тиесілі пәтерді жалға беруге құқылы.
|
|
3 |
Банк ұйымдарынан мәліметтер алынғаннан кейін салық органдары қандай іс-әрекеттер жасайды? |
Екінші деңгейлі банктерден мәліметтер алынғаннан кейін мемлекеттік кірістер органдары іс-шараларды екі кезеңде жүзеге асырады: · бірінші кезең-салық төлеушіні ақпараттандыру; · екінші кезең-бақылау шаралары. Салық төлеушіні ақпараттандыру жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банктік шотына қатарынан күнтізбелік үш айдың әрқайсысында 100 және одан да көп әртүрлі тұлғалардан ақшалай қаражат түскені, сондай-ақ көрсетілген кезеңдегі түсімдер сомасы ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 12 еселенген мөлшерінен асқаны туралы «Салық төлеушінің кабинетіне» ақпараттық хабарлама жіберуден тұрады. Егер тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркелемеген болса немесе өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлға болса, онда алынған табысты 2026 жылға арналған «Табыстар мен мүлік туралы декларацияда» (270.00 СЕН) 2027 жылғы 1 қаңтар мен 15 қыркүйек аралығындағы мерзімде көрсету және жеке табыс салығын 2027 жылғы 25 қыркүйекке дейін төлеу қажет. Егер тұлға жеке кәсіпкер болса, онда алынған табысты мынадай салық есептілігінде көрсету қажет: - жалпыға бірдей белгіленген режимді қолданатындар-2026 жылға арналған «Кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияда» (270.00 СЕН) 2027 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында көрсетіп, жеке табыс салығын 2027 жылғы 10 сәуірге дейін төлеуі тиіс. - оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатындар «Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерген арналған декларацияда» (910.00 СЕН) 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін 2026 жылғы 1шілде мен 15 тамыз аралығында көрсетіп, жеке табыс салығын 2026 жылғы 25 тамызға дейін төлеуі тиіс. Салық төлеушіні ақпараттандыру жауап беруді талап етпейді. Бақылау шаралары салық есептілігі нысандарын зерделеу және талдау негізінде органдардың камералдық бақылау жүргізуін қамтиды. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша алшақтықтар анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 137-бабына сәйкес салық төлеушіге камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы хабарлама жіберіледі. Хабарламаны орындауды салық төлеуші ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Хабарламаның орындалуы деп танылады: - анықталған алшақтықтармен келіспеген жағдайда – түсініктемелер ұсыну; - анықталған алшақтықтармен келіскен жағдайда – салық есептілігін ұсыну. - Қосымша түсініктемелер алу қажет болған жағдайда 1414 нөмірі бойынша байланыс орталығына немесе мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуді ұсынамыз.
|
|
4 |
Жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болса да, оның аударымдары туралы мәліметтер салық органдарына беріле ме? |
Иә, белгіленген критерийлерге сәйкес келетін барлық жеке тұлғалар бойынша мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылады. Бұл ретте жеке тұлғаның жеке кәсіпкер ретінде тіркелген-тіркелмегені ескерілмейді, себебі бақылау кәсіпкерлік қызметке арналмаған банк шоттарына түскен ақша қаражаттарына қатысты жүргізіледі.
|
|
5 |
Техникалық ақаулар туындаған жағдайда салық төлеушілерге қандай да бір жауапкершілік шаралары қолданыла ма? |
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық шаралары туралы кодексінің 741-бабы бірінші бөлігінің 8-және 8-1 тармақшаларына сәйкес, уәкілетті орган растаған бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қателер туындаған жағдайдаларда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу басталуы мүмкін емес, ал басталғаны тоқтатылуға жатады. Әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдану кезінде әрбір жағдай жеке қарастырылады. Техникалық қате расталған жағдайда жауапкершілік шаралары қолданылмайды. |
|
6 |
Салық есептілігі ұсынылмаған жағдайда салық төлеушіге әкімшілік жауапкершілік қолданыла ма? |
Жаңа Салық кодексіне сәйкес, егер салық төлеуші Салық төлеушінің кабинетінде есептіліктің қандай нысандарын ұсынатынын көрсетсе, ол ұсынылмаған жағдайда жүйе автоматты түрде нөлдік есептілікті қалыптастырады, тиісінше салық төлеушіні әкімшілік жауапкершілікке тарту жағдайы алынып тасталады. |
|
7 |
Мобильді аударымдарға қатысты сұрақ. Банктер қай жағдайларда жеке тұлғалардың мобильді аударымдары туралы мәліметтерді салық органына береді? |
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 55-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес, Қазақстанның банк ұйымдары жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жүргізу анықталған банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақшаның жиынтық сомасы жөніндегі мәліметтерді беруге міндетті. Мәліметтерді беру Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы №698 бұйрығымен бекітілген белгіленген өлшемшарттар бір мезгілде орындалған кезде ғана жүзеге асырылады. Жекелеп айтқанда, егер жеке тұлға қатарынан күнтізбелік үш айдың әрқайсысында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банктік шотына 100 және одна да көп әртүрлі тұлғалардан ақша алса және көрсетілген кезеңдегі түсімдердің жалпы сомасы ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 12 еселенген мөлшерінен асса, онда мұндай мәліметтерді екінші деңгейлі банктер мемлекеттік кірістер органдарына жібереді. |
|
8 |
Бүгінгі таңда ең өзекті мәселелердің бірі – бұған дейін нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналым мақсаттарында пайдаланылған ауыл шарушалығы өнімі, балық аулау немесе өнеркәсіптік балық өсіру өнімі сомасынан 80% мөлшерінде есепке қабылданған ҚҚС сомасын түзету (азайту). Ауыл шаруашылығ өнімін экспорттау кезіндегі ҚҚС бойынша түзетуді жою жоспарланып отыр ма және жақын арада салық заңнамасының тиісті нормаларына осы тәртіпті реттейтін өзгерістер енгізіле ме? |
Салық кодексінің 484-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, есепке жатқызылған ҚҚС сомасын азайту бұған дейін есепке жатқызуға жатқызылған ҚҚС бойынша тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша, оның ішінде ауыл шарушылығы өнімі, балық аулау немесе өнеркәсіптік балық өсіру өнімі сомасынан 80 пайыз мөлшерінде жүргізіледі. Салық кодексінің 484-бабы 5-тармағына сәйкес, ауыл шарушылығы өнімін экспорттау кезінде бұған дейін есепке жатқызуға жатқызылған ҚҚС сомасын түзету есепке жатқызуға жатқызылған ҚҚС сомасын 80 пайызға азайту жолымен жүргізіледі. Ауыл шарушылығы өнімін экспорттау кезінде бұған дейін есепке жатқызуға жатқызылған, тек бастапқы өңдеуден өткен, яғни оның физикалық-химилялық құрамы өзгермей (мысалы, астықты кептіру және елеу, қауызынан тазарту және т.б.) экспортталған ауыл шарушылығы өнімі бойынша ғана ҚҚС сомасы түзетуге жататынын атап өткен жөн. Терең өңдеуден өткен ауыл шарушылығы өнімін (ұн, жарма және т.б.) экспорттау кезінде бұған дейін есепке жатқызуға жатқызылған ҚҚС сомасын түзету қолданылмайлы. Қазіргі уақытта бұл мәселе уәкілетті мемелекеттік органдардың «Атамекен» ҰКП және бизнес қоғамдастығының қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан құрылған жаңа Салық кодексін енгізу жөніндегі Жобалық кеңестің аясында бірлесіп талқылануда. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ.
|
|
9 |
Тахфри пилоттық жоба бойынша нақты ережелер жоқ. Өскемен қаласы пилоттық жобаға кіре ме? |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 4 маусымдағы №363 бұйрығымен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге тауарларды әкету кезінде шетелдік мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасын өтеу («такс фри» пилоттық жобаны) бойынша іске асырудың қағидалары мен мерзімдерін бекітілді. Қағидалардың 3-тармағында «такс фри» пилоттық жобасы Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Астана, Балқаш, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен (Катонқарғай), Шымкент қалаларында және Ақмола облысының Бурабай ауылында орналасқан стационарлық сауда объектілерінде оператор мен сауда қызметінің субъектісі арасында жасаған пилоттық жобаға қатысу туралы шарт негізінде іске асырылатыны анықталған.
|