SalyqBot көмегімен Сізде:
- салық берешегінің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтерді лезде білуге;
- көлік құралдарына салынатын салықты дербес есептеуге;
- салықтарды уақтылы төлемегені үшін өсімпұл сомасын есептеуге;
- өзекті анықтамалық ақпаратты білу, салық күнтізбесін пайдалануға;
- түйінді сөздер бойынша салық және кеден заңнамалары бойынша пайдалы ақпарат алуға;
- тіркелу арқылы есептілікті берудің, салық төлеудің алдағы мерзімдері туралы еске салатын push-хабарламаларды, сондай-ақ пайдалы жаңалықтар мен хабарламаларды (ақпарат пайдаланушының-жеке немесе заңды тұлғаның мүддесін ескере отырып жіберіледі) алуға;
- банк шоттарын бұғаттан шығару, жеке тұлғалардың банкроттығы, жеке тұлғалардың көлігіне, жеріне және мүлкіне салық төлеу мәселелері бойынша жедел көмек алуға;
- егер сіз заңды тұлға болсаңыз, төленген сомалар туралы мәліметтер алуға мүмкіндігіңіз бар.
@Salyqbot цифрлық салық кеңесшісінің сервистеріне жазылыңыз, пайдаланыңыз және төменде көрсетілген Qr-кодтар бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету мен сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау бойынша сауалнамаларға қатысыңыз.