Кеңейтілген Алқа отырысы өтті

Кеңейтілген Алқа отырысы өтті
Департамент басшысының м.а. Қ.Назарымбетовтың төрағалығымен 2025 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстардың қорытындысы және 2025 жылға арналған міндеттер бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары басшыларының қатысуымен кеңейтілген Алқа отырысы өтті. Алқа отырысы барысында Департаменттің басқарма басшылары өз салалары бойынша атқарылған жұмыстары жөнінде баяндама жасады. Мысалы:
- жергілікті бюджет 122,8% орындалды, яғни 33,1 млрд.теңге түсті (жоспар 27,0 млрд.тг.);
- өзге экономика бойынша РБ түсімдерінің өсу қарқыны 125,9% құрады (01.04.2024 ж.– 6,0 млрд. теңге түсті, 01.04.2025 ж.– 7,6 млрд. теңге);
- РБ 364,6 млн.теңге қосымша резервтер қамтамасыз етілді;
Алқа отырысы барысында 2025 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша қол жеткізе алмай қалған көрсеткіштер де талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылды.
Алқа отырысы соңында 2025 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жойып, алға қойған мақсатты көрсеткіштер мен жоспарларды орындау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.