Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Ұлытау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында құқықбұзушылық жасауға ықпал ететін негізгі факторлар және рұқсат етілмеген уақытта алкоголь өнімін сататын сауда орындарының сауда жасау лицензиясынан айыру мәселесі туралы заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынысқа қатысты құқық қорғау органдары мен кәсіпкерлер және де басқада құзырлы орган өкілдерімен жиналыс өтті. Жиналысқа Ұлытау обылысы әкімінің орынбасары Ж. Нөпіров төрағалық етті. Аталған жиынысқа Департамент басшысының орынбасары
А. Шаймерденов арнайы қатысып, ұсынысқа қатысты өз пікірін білдірді.