Терроризмге қарсы іс-қимыл жөнінде жиналыс өтті

Терроризмге қарсы іс-қимыл жөнінде жиналыс өтті

Департаменттің мәжіліс залында басшының м.а. А.Шаймерденовтың төрағалығымен қызметкерлерге терроризмге қарсы іс-қимыл жөнінде жиналыс өтті. Адам ресурстары басқармасының бас маманы А.Оразбаев мекеме қызметкерлеріне қауіп төнер кездегі әл-ахуалда қауіпсіздік ережелерін сақтауды, сондай-ақ ғимаратқа бөтен адамдар мен жарылғыш заттарды қасақана тастап кеткен жағдайда ланкестік іс-әрекеттерді алдын-алу бойынша кеңінен түсіндіру жүргізді. Іс-шара қауіпсіздік нормаларын қатаң сақтаудағы ережелер мен іс-қимылдарды сондай-ақ заңға қайшы әрекеттерді құқық қорғау органдары қызметкерлері келгенге дейінгі әрекеттер мен нормаларға сәйкес жүргізілудің алгоритімін түсіндірді. Мемлекеттік қызметкер өзінің және ұжымдастарының қауіпсіздігін алдыңғы орынға қоюы жайлы да ескертпе нұсқаулықтарымен таныстырылды.