МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
         Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті қызметкерлерге арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді. Іс-шара барысында 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 2026 жылғы 19 мамырдағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңының негізгі жаңашылдықтары түсіндірілді.
        Кездесу барысында мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңа тәртібі, конкурстық рәсімдердің толық цифрландырылуы, еңбекке ақы төлеудің жаңа тәсілдері, мемлекеттік қызметшілерге берілетін әлеуметтік кепілдіктер, сондай-ақ көлденең мансаптық өсу тетіктері бойынша жан-жақты ақпарат берілді.
        Сонымен қатар қатысушыларға мемлекеттік қызметке кіру рәсімдерінің жеңілдетілгені, конкурстардың EQyzmet порталы арқылы өткізілетіні және талантты жастарды мемлекеттік қызметке тартуға бағытталған жаңа мүмкіндіктер таныстырылды.
        Кездесу соңында қатысушылар заңнамалық өзгерістерге қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауаптар мен тиісті түсіндірмелер алды.