Аяқ киім өнімдерін таңбалау мәселелері бойынша кәсіпкерлермен кездесу өтті

Аяқ киім өнімдерін таңбалау мәселелері бойынша кәсіпкерлермен кездесу өтті

        2026 жылдың 2 шілдесінде Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Департамент басшысының орынбасары А.Шаймерденовтың төрағалығымен, жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы М.Сатыбалдинның, акциздерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы Т.Болатбековтың қатысуымен, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ өкілі Е.Карабев Zoom бейнеконференция байланысы арқылы қатысып, өңірдегі аяқ киім өнімдерін өткізумен айналысатын салық төлеушілермен жұмыс кездесуі өткізілді.

         Кездесудің негізгі мақсаты – кәсіпкерлік субъектілеріне тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесіне қойылатын талаптарды түсіндіру, сондай-ақ тауар айналымының ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде ақпарат беру болды.

         Кездесу барысында аяқ киім өнімдерін таңбалау және тауарларды қадағалау жүйесін қолдану тәртібі жан-жақты түсіндіріліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді. Сонымен қатар таңбалау жүйесін қолданудың өзекті мәселелері талқыланып, қатысушылар пікір алмасты.