
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай «Ulytau» телерадиокомпаниясының қызметкері Шактай Гауһар Мағауияқызы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Алғыс хатымен марапатталды.
Жоғары марапат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен нәтижелі ынтымақтастығы, кәсіби шеберлігі, мемлекеттік кірістер органдарының қызметін объективті түрде жариялап, халыққа шынайы әрі өзекті ақпаратты жеткізуге қосқан үлесі үшін табысталды.
Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Гауһар Мағауияқызын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, көпжылдық жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреді. Деніне саулық, шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер мен кәсіби қызметіне толағай табыс тілейді!