Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

         4 маусым елімізде тәуелсіздік, егемендік және ұлттық бірліктің маңызды нышандары саналатын Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі.
         Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Гимн Қазақстан халқының тарихын, құндылықтарын, сондай-ақ елдің өркендеуі мен дамуына деген ұмтылысын бейнелейді.
         Мемлекеттік рәміздер барша қазақстандықтарды біріктіріп, отансүйгіштік рухты, Отанға деген құрмет пен елімізге деген мақтаныш сезімін нығайта берсін!