Кәсіпкерлер палатасы алаңындағы салық төлеушілермен кездесу

Кәсіпкерлер палатасы алаңындағы салық төлеушілермен кездесу

          2026 жылдың 2 маусымында Ұлытау облысының Өңірлік кәсіпкерлер палатасында Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы А.Альсеитов пен бас маманы Г.Карабекованың, сонымен қатар  түсіндіру жұмысы және байланыс-орталығы бөлімінің басшысы С.Бижаксиннің қатысуымен заңды тұлғалардың басшылары және олардың өкілдерімен кездесу өтті. Күн тәртібінде 270.00 нысанын, яғни кірістер мен мүлік декларациясын тапсыру сұрағы қаралды.
          Қатысушыларға жеткізілген ақпарат ішінде декларацияны тапсыру міндеті:
мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларына;
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, заңды тұлғалардың басшыларына, құрылтайшыларына (қатысушыларына), жарғылық капиталдағы үлесі 10 пайыздан асатын тұлғаларға, сондай-ақ олардың резидент жұбайларына;
жеке практикамен айналысатын тұлғаларға;
шетелдік активтері бар тұлғаларға;
құны 20 000 АЕК-тен асатын мүлік иелеріне;
мүліктік табыс алған азаматтарға;
жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне жататын өзге де тұлғаларға қолданылатыны жөнінде баяндалды.
          Баяндама соңында қатысушар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, техникалық ақаулардың және декларацияны тапсыру мерзімінің соңғы күндеріндегі жүктеменің туындау тәуекелдерін болдырмау мақсатында салық төлеушілерге 270.00 нысанындағы декларацияны алдын ала тапсыру ұсынылды.