2026 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті мен Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен тікелей эфир өткізілді. Эфир барысында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінде көзделген арнаулы салық режимдері түсіндірілді.
Спикер ретінде түсіндіру жұмысы және байланыс-орталығы бөлімінің басшысы Сырым Бижаксин сөз сөйледі.
Тікелей эфир барысында:
• өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаларға арналған;
• оңайлатылған декларация негізіндегі;
• шаруа және фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимдерінің қолданылу ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді.
Нақтырақ айтқанда аталған арнаулы салық режимдерін қолдануға болатын қызмет түрлері, оларды қолдану шарттары мен шектеулері, салықтарды есептеу тәртібі, сондай-ақ әрбір арнаулы салық режимі бойынша салық мөлшерлемелері және т.б. түсіндірілді.
Сондай-ақ, тікелей эфирге қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.