
2026 жылы Қазақстандағы жеке тұлғалардың банкроттығы туралы не білу керек?
«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңына сәйкес, азаматтар белгілі бір талаптар орындалған жағдайда банкроттық рәсімін қолдана алады.
Банкрот болудың негізгі шарттары
Қарыздың болуы:
— соттан тыс банкроттық үшін қарыз мөлшері 1600 АЕК-тен аспауы керек (2026 жылы шамамен 6,9 млн теңгеге дейін);
— қарыз банк, микроқаржы ұйымы немесе коллекторлық агенттік алдында болуы тиіс;
— қарыз сомасы жоғары болған жағдайда сот арқылы банкроттық рәсімі қолданылады.
Төлем мерзімін өткізіп алу:
— қарыз кемінде 12 ай бойы төленбеуі қажет.
Мүліктің болмауы:
— соттан тыс банкроттық кезінде азаматтың атына тіркелген мүлкі болмауы тиіс.
Қайта банкроттыққа шектеу:
— қайта банкрот болуға тек 7 жылдан кейін ғана рұқсат етіледі.
Қарызды өндіру шаралары:
— несие берушілер қарызды өндіріп алу бойынша тиісті әрекеттер жасаған болуы қажет.
Қолданылатын рәсімдер
Соттан тыс банкроттық:
— eGov порталы, ХҚКО немесе e-Salyq Azamat арқылы рәсімделеді;
— сотқа жүгінбей жүргізіледі;
— мүлкі жоқ азаматтарға арналған.
Сот арқылы банкроттық:
— сот тәртібімен жүргізіледі;
— мүлік сатылып, қарызды өтеуге бағытталуы мүмкін.
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру:
— қарызды 5 жылға дейін бөліп төлеуге мүмкіндік береді;
— «банкрот» мәртебесі берілмейді.
Қандай қарыздар кешірілмейді:
— алимент;
— өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян;
— қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша шығындар;
— сот шешімімен белгіленген кейбір міндетті төлемдер.
Банкроттықтың салдары:
— 5 жылға дейін несие алуға шектеу қойылады;
— 3 жыл бойы қаржылық мониторинг жүргізіледі;
— қайта банкрот болу тек 7 жылдан кейін мүмкін.
Банкроттық рәсіміне өтініш бермес бұрын оның барлық құқықтық және қаржылық салдарын мұқият бағалау қажет.