Ұлытау облысында республикалық «Халық бухгалтері» акциясы өз жалғасын табуда

Ұлытау облысында республикалық «Халық бухгалтері» акциясы өз жалғасын табуда
         Акция 5 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ҚР Қаржы министрлігінің бастамасымен өткізілуде. Жоба жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне тегін салықтық консультациялық көмек көрсетуге бағытталған. Акция 2026 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады.
         Акция аясында кәсіпкерлер бухгалтерлік есеп, салықтық есептілік, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу мәселелері бойынша түсінікті әрі тәжірибеге бағытталған түсіндірмелер ала алады.
         Консультациялар өткізу кестесі: – 2026 жылғы қаңтар–ақпан айларында — аптасына үш рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін; – 2026 жылғы наурыз айынан бастап — аптасына екі рет. Консультациялар бухгалтерлер, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының білікті қызметкерлері тарапынан көрсетіледі. Бүгінгі күні акцияның екінші айы аяқталуда. 2 айдың қорытындысы бойынша бухгалтерлермен 400-ге жауық салық төлеушіге тегін консультация берілді.
Акция аясындағы консультациялар Жезқазған қаласы, Бейбітшілік даңғылы 26, №1 кабинетте көрсетілуде.