
Ағымдағы жылдың 10 ақпанында Ұлытау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ұлытау облысы бойынша МКД берешекпен жұмыс басқармасының басшысы М.Тоқсанның қатысуымен «Жаңа Салық кодексіне сәйкес берешектердің шекті мөлшерін анықтау» тақырыбы бойынша брифинг өтті.
Брифинг барысында салық берешегі белгіленген шектен асқан кезде қолданылатын мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары, оның ішінде банктік шоттар бойынша шектеулер, мүлікке тыйым салу, сондай-ақ 2026 жылғы 1 шілдеден бастап енгізілетін қосымша шаралар түсіндірілді, сондай-ақ келіп түскен сұрақтарға жауап берілді.