1) өндірістік емес төлемдер тізімінен келесі себептеріне байланысты бюджеттік сыныптама кодтары (бұдан әрі - БСК) алып тасталған:
шаруа немесе фермер қожалықтарына салық салу тәртібі өзгерді - 104501 «Бірыңғай жер салығы»;
алымдар жойылды:
- 105413 «Телевизиялық және радио хабарын тарататын ұйымдарға радиожиілік өрісін пайдалануға рұқсат бергені үшін алынатын алым»;
- 105432 «Банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін рұқсат беру құжаттарын, келісім бергені үшін алым»;
- 105428 «Республикалық бюджетке төленетін тіркелгені үшін алым» ( дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін, теле-, радиоарнаны, мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қойғаны үшін, ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алымдар жойылды);
төлемақы жойылды - 105434 «Қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы»;
түсімдер 105424, 105425 және 105430 БСК есептеледі:
- 105419 «Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумақтары арқылы өтетін республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырғаны үшін төлемақыны қоспағанда, сыртқы (көрнекi) жарнаманы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырғаны үшiн төлемақы»;
- 105420 «Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумақтары арқылы өтетін облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырғаны үшін төлемақыны қоспағанда, сыртқы (көрнекi) жарнаманы облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырғаны үшiн төлемақы»;
жергілікті бюджетке есептеледі:
- 108125 «Республикалық бюджетке төленетін мемлекеттік баж» (апостиль қойғаны үшiн алынатын мемлекеттік баж жергілікті бюджетке түседі;
- 204109 «Заңсыз алынған мүлiктi еркiмен тапсырудан немесе өндіріп алудан немесе мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз көрсетiлген қызметтердiң құнынан алынатын сомалардың түсiмi»;
- 204113 «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар»;
2) мыналар БСК бойынша бұрын республикалық бюджетке түсетін төлемдер кәзір жергілікті бюджетке есептеледі:
- 105317 «Цифрлық майнинг үшін төлемақы»;
- 105406 «Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткені үшін алынатын алым»;
- 105501 «Ойын бизнесі салығы»;
- 204162 «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар»;
3) 105316 БСК өсімдіктер дүниесін арнаулы пайдалану тәртібімен өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы есептеледі. Бұрын осы БСК түскен қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы 401101 БСК (арнаулы түсімдер) есептеледі.
4) «Жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы» 105303 БСК жобаны іске асыру кезінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы да есептеледі.