
Ағымдағы жылдың 10 қарашасында Ұлытау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Департаменттің түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы бөлімінің басшысы С.Бижаксиннің қатысуымен «Жаңа Салық кодексі аясындағы арнаулы салық режимдерінің құрылымы» тақырыбы бойынша брифинг өтті. Брифингте аталған тақырып аясында 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылатын АСР бойынша ақпарат беріліп, келіп түскен сұрақтарға жауап берілді.