
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Ол мүлікке салынатын салық салу тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізуді көздейді.
Көлік салығы:
– Пайдалану мерзімі 10–20 жыл аралығындағы автокөліктерге — 0,7 коэффициенті
– 20 жылдан асқан автокөліктерге — 0,5 коэффициенті
(төмендетілген коэффициенттер 2026 жылға есептелетін салықты 2027 жылы төлеу кезінде қолданылады)
Шаруа қожалықтары әрбір қожалыққа бір пикап бойынша көлік салығынан босатылады.
Көлік және жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу алынып тасталды.
Салық төлеуші тек жылдық декларацияны тапсырып, салықты жыл қорытындысы бойынша бір рет төлейді.
Егер мүлік салығының сомасы 1,0 млн теңгеден аз болса,
салық төлеуші ағымдағы төлемдер бойынша есеп тапсырмайды.
Бір ғана декларация ұсынылып, төлем жылына бір рет жүргізіледі.
Жер салығына қатысты өзгерістер:
– Елді мекендердің шекарасы кеңейтілген жағдайда, егер жер мақсатына сай пайдаланылса, ауыл шаруашылығы ставкасы сақталады;
– Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері үшін салық және төлем мөлшері 2 есе ұлғайтылады.
Экология: шығарындылар мен қалдықтарды көму үшін төлем мөлшерлемелері арттырылды.
Жеңілдету: 7 түрдегі мемлекеттік баж, 6 түрдегі алым және лицензиялар үшін төлем алып тасталды.
Жаңа Салық кодексі — салықтық әкімшілендіруді жеңілдету мен цифрландыруға бағытталған маңызды қадам.