Мүлікті қайта бағалау және салық салу туралы

Мүлікті қайта бағалау және салық салу туралы
          Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 519 және 520-баптарына сәйкес, бухгалтерлік есеп жүргізетін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін негізгі құралдар – ғимараттар, құрылыстар және олардың бөліктері салық салу объектілері болып табылады. Салық базасы – олардың жылдық орташа баланстық құны.
        Бухгалтерлік есеп жүргізбейтін дара кәсіпкерлер үшін салық салу объектілерін сатып алу, салу, орнату немесе қайта жаңарту шығындарының жиынтығы салықтық база ретінде есептеледі.
        ҚР заңнамасына сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қаржылық есептілікті ұлттық немесе халықаралық стандарттар бойынша жүргізеді. Бұл стандарттарға сәйкес негізгі құралдар әділ (нарықтық) құны бойынша қайта бағаланып отыруы тиіс. Егер баланстық құн мен әділ құн арасында елеулі айырмашылық туындаса, коммерциялық мүлікті қайта бағалау жүргізіледі.
       Коммерциялық мүлікті қайта бағалау негізгі құралдардың салық базасына тікелей әсер етеді. Осыған байланысты Ұлытау облысының аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары тұрғын емес үй-жайлардағы коммерциялық нысандарға (сауда орталықтары, дүкендер, дәріханалар, ойын-сауық орындары және мейрамханалар) қатысты коммерциялық мүлікті қайта бағалау қажеттілігі туралы хабарламалар жолдауда.
       Қазіргі таңда кәсіпкерлермен коммерциялық мүлікті қайта бағалау бойынша тиісті түсіндіру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуде.