Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Ұлытау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Департамент басшысының орынбасары А.Шаймерденовтың қатысуымен «Жаңа Салық кодексінің негізгі аспектілерін түсіндіру» тақырыбы бойынша брифинг өтті.
Өз баяндамасында А.Шаймерденов жаңа Салық кодексінде көзделген тұжырымдамалық тәсілдерді жан-жақты таныстырып, төмендегі мәселелерге баса назар аударды:
•қосылған құн салығын әкімшілендіру тәртібін жетілдіру;
•корпоративтік табыс салығы мен ҚҚС бойынша сараланған мөлшерлемелерді енгізу;
•салықтық рәсімдерді цифрландыру және талдамалық құралдарды күшейту;
•есептілік пен салықтық жеңілдіктер жүйесін оңтайландыру;
•арнаулы салық режимдерінің қысқаруы.
Брифингте тақырып аясында келіп түскен сұрақтарға жауап берілді.