Жаңаарқа кентінде жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша көшпелі семинар өтті

Жаңаарқа кентінде жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша көшпелі семинар өтті
Бүгін Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіру жөніндегі жүйелі жұмысы аясында Жаңаарқа кентінде Департаменттің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Жанар Онгаркулова мен түсіндіру жұмысы және БО бөлімінің басшысы Сырым Бижаксиннің қатысуымен көшпелі семинар өтті. Іс-шара кент әкімдігінің мәжіліс залында ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты – кәсіпкерлік қауымдастыққа жаңа Салық кодексінде көзделген салықтық әкімшілендірудегі негізгі өзгерістерді жеткізу, алдағы өзгерістердің мәні мен маңыздылығын және олардың бизнес пен жалпы экономиканың тұрақты дамуына әсерін ортақ түсінік қалыптастыру болды.
Өз сөздерінде Департамент өкілдері жаңа Салық кодексінде көзделген тұжырымдамалық тәсілдерді жан-жақты таныстырып, төмендегі мәселелерге баса назар аударды:
   •қосылған құн салығын әкімшілендіру тәртібін жетілдіру;
   •корпоративтік табыс салығы мен ҚҚС бойынша сараланған мөлшерлемелерді енгізу;
   •салықтық рәсімдерді цифрландыру және талдамалық құралдарды күшейту;
   •есептілік пен салықтық жеңілдіктер жүйесін оңтайландыру;
   •арнаулы салық режимдерінің қысқаруы;
Талқыланған өзгерістер салық жүйесінің ашықтығын, тиімділігін және әділдігін арттыруға, сондай-ақ мемлекет пен бизнес арасындағы диалогты нығайтуға бағытталған.
Ұлытау облысы бойынша МКД салық төлеушілерді салық заңнамасындағы өзгерістер туралы хабардар ету және іскерлік қауымдастық өкілдерімен ашық диалогты қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын жалғастырады.