Ұлытау облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында шағын және орта бизнесті дамыту және сауда салалық кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараға Кеңес төрағасының орынбасары А. Есов төрағалық етті.
Жиынға Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Жергілікті полиция басқармасы, өңір кәсіпкерлері, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету және түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Ж. Оңғарқұлова қатысты.
Кеңес барысында қаралған негізгі мәселелердің бірі – «Salyq кэшбек» пилоттық жобасын Ұлытау облысында іске қосу болды. Ж. Оңғарқұлова жобаның мақсаттары, ережелері мен маңыздылығын түсіндіріп, кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді. Өз кезегінде кәсіпкерлер жобаны қолдау мүмкіндігін қарастыратынын білдірді.