Сауда орындарында салық төлеушілермен кездесу жалғасуда.

Сауда орындарында салық төлеушілермен кездесу жалғасуда.

      Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері, салықтық  қызметтердің   сапасын арттыруды, салықтық мәдениетті қалыптастыруды  басты бағыт,  деп санайды.

   Ағымдағы жылы 2  сәуір күні Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері  «Әмір» сауда орнында  кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

     Кездесу барысында кәсіпкерлік субьектілеріне бақылау касса машиналарын қолданылуы, оның ішінде  төлем карточкаларын пайдаланған жағдайда төлемдерді қабылдауға  арналған құрылғыны (POS терминал) қолдану міндеттемелерін,  және тұтынушылар үшін түбіртек (чек) талап ету, арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алу, мобильді аударымдар, салықтық есептіліктері бойынша  түсіндірме жұмыстары кеңінен жүргізіліп,  кәсіпкерлердің өзекті сұрақтарына толыққанды жауап берілді. Кездесу соңында жеке кәсіпкерлерге кәсіпкерлікті тіркеу бойынша жадынама таратылды.

      Ескере кетейік, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  бизнес өкілдеріне бақылау-касса машиналарын қолданған кезде қолма - қол төлем  түрінде, немесе төлем жасаудың кең тараған тәсілдерінің бірі мобильді құрылғылар арқылы жасалатын QR-төлемдер түрінде тауар, жұмыс, қызмет үшін төленген сомаға бақылау-касса машиналарын  чегін беру қажеттігін еске салады.

       Егер кассалық тәртіпті сақталмаған жағдайда, мәселен  чекті бермеу, чекте міндетті деректемелердің болмауы фактілері анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қа БКМ-ның чегін бермеген жағдайда сатушымен чек беруден бас тарту фактісін видеоға түсіріп дүкеннің атауы және мекен - жайы, базардың, сауда үйінің атауы, сауда үйіндегі дүңгіршектің атауы, (базардағы орынның нөмірі) және кәсіпкерлік субъектіні анықтауға мүмкіндік беретін басқа да мәліметтерді түсіріңіз. Материалдарды соның ішінде Wipon мобильдік қосымша арқылы жіберіңіздер. Wipon қосымшасын Apple App store және Google Play market тегін жүктеуге болады.

      Түбіртекті талап ете отырып, «Түбіртекті  талап ет»  акциясының  ұтыс ойындарына қатысып,  түрлі сыйақылар  ұтып ала аласыз. Ол үшін Amian мобильді қосымшасын жүктеп,жұмсалған қаражаттың бір бөлігін қайтару мүмкіндігіне ие болласыз! Толығырақ: taplink.cc/amian1.kz

Алдағы уақытта да салықтық төлемдер мен міндеттемелер, тұтынушы құқықтары туралы түсіндірме жұмыстар өз жалғасын таба бермек.

Түркістан облысы бойынша МКД баспасөз қызметі.