
Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 10 шiлдедегi № 20-VIII ҚРЗ
1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 456-1-бапта:
екінші бөлік алып тасталсын;
төртінші бөліктің бірінші абзацындағы "бірінші және екінші бөліктерінде" деген сөздер "бірінші бөлікте" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 26-тарау мынадай мазмұндағы 456-2-баппен толықтырылсын:
"456-2-бап. Жалған ақпарат орналастыру, тарату
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
жеке тұлғаларға – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
жеке тұлғаларға – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе: Осы баптың бесінші бөлігінің мақсаттары үшін инфлюенсер (блогер) деп кәсіпкерлік қызмет мақсатында адамдардың белгісіз тобына бағытталған ақпаратты онлайн-платформаларда жариялайтын онлайн-платформаны пайдаланушы түсініледі.";
3) 684-баптың бірінші бөлігі "456-1," деген цифрлардан кейін "456-2," деген цифрлармен толықтырылсын;
4) 804-баптың бірінші бөлігі "453," деген цифрлардан кейін "456-2 (үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктері)," деген сөздермен толықтырылсын;
5) 805-баптың бірінші бөлігі "456-1," деген цифрлардан кейін "456-2 (бірінші және екінші бөліктері)," деген сөздермен толықтырылсын;
6) 807-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы "132 және 456-1," деген сөздер "132, 456-1 және 456-2 (бірінші және екінші бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының
Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК