Қазақстан Республикасының азаматтары мен конақтардың, сыртқы экономикалық қатысушылар мен автокөлік жүргізушілердің назарына!!!

Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, 2022-2024 жылдар аралықта қазақстан-өзбекстан шекарасында орналасқан «Қапланбек», «Қазығұрт» және «Атамекен» өткізу пункттерінде жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, 2023 жылдың 15 ақпанынан бастап, «Қазығұрт» (ҚР) – «С.Наджимов» (ӨР), «Атамекен» (ҚР) – «Гулистан» (ӨР) өткізу пункттері арқылы жеке азаматтар, жеңіл көліктер, автобустар және 3,5 тоннаға дейін жүктемелейтін автокөлік құралдарының өткізілуіне шектеу қойылып, тек жүк автокөлік құралдары өткізіледі.
Шектеу қойылған автокөліктерді және жеке азаматтардың өтуіне төменде көрсетілген өткізу пункттерін ұсынамыз:
- «Жібек жолы» (ҚР) – «Гишт куприк» (ӨР) өткізу пункттері (жеке азаматтар, жеңіл автокөліктер және автобустар).
- «Сырдарья» (ҚР) – «Малик» (ӨР) және «Целинный» (ҚР) – «Ок олтин» (ӨР) бақылап- өткізу пункттері арқылы (жеке азаматтар және жеңіл автокөлік құралдары).
- «Б.Қонысбаев» (ҚР) – «Яллама» (ӨР) өткізу пункттері (жеке азаматтар, жеңіл автокөліктер, автобустар және 3,5 тоннаға дейін жүктемелейтін автокөлік құралдары).
Алдын-ала түсінікпен қарағандарыңызға алғысымызды білдіреміз.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті