«Қапланбек» кеден бекетінде түсіндіру семинары өтті

«Қапланбек» кеден бекетінде түсіндіру семинары өтті
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Қапланбек» кеден бекетінде Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасына «кіру» және Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына «шығу» бағыттарында жаяу жүргіншілер мен автокөлік құралдарымен өтетін тұлғаларға арналған түсіндіру семинары өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – шекара арқылы тауарлар мен жеке пайдалануға арналған заттарды өткізу кезінде кедендік талаптарды сақтау, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде белгіленген нормаларды түсіндіру.
Семинар барысында қатысушыларға:
жеке тұлғалардың тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу тәртібі;
жолаушылар кедендік декларациясын рәсімдеу талаптары;
кедендік бақылаудан және жете тексеруден өту тәртібі;
әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары;
мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде белгіленген нормалар түсіндірілді.
Сонымен қатар, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес шекара арқылы тауарлар мен жеке пайдалануға арналған заттарды өткізу кезінде белгіленген нормаларды сақтау қажеттілігі түсіндірілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға кедендік рәсімдерді белгіленген тәртіппен орындау, кедендік бақылаудан өту талаптарын сақтау және қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз орындау жөнінде тиісті ақпарат берілді.