АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

14 тамыз – Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күні кәсіби мерекесі қарсаңында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кірістер органдарының ардагерлері Морозова Нина Алексеевна мен Ким Ксенияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталуымен құттықтады.
Көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және мемлекеттік кірістер органдарының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін ардагерлерге зор алғыс білдірілді.
Ардагерлердің сан жылдық тәжірибесі мен өнегелі еңбек жолы – кейінгі буын мамандары үшін әрдайым үлгі.
Құрметті ардагерлерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тілейміз!