
Импорттаушылар нені білуі керек?
Салық кодексінің 509-бабының талаптары сақталған жағдайда, есепке жатқызу әдісі импорт кезінде ҚҚС төлемеуге мүмкіндік береді.
Әдіс тек бекітілген тізбеге енгізілген тауарларға қолданылады.
Қолдану үшін тауарларды әкелу туралы өтініш пен растайтын құжаттарды ұсыну қажет.
Тауарлар нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс:
* 5 жыл - тауарлардың басым бөлігі үшін;
* 18 ай - ауыл шаруашылығы құстары үшін.
Талаптар бұзылған жағдайда ҚҚС өсімпұлмен бірге бюджетке төленуге тиіс.