Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы төленеді. Егер хабарлама ұсынылмаған болса, төлемді өндіріп алу және бюджетке аудару үшін жарнаманың нақты орналастырылғаны негіз болып есептеледі.

 **Төлемақы төлеушілер** – сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің немесе жарнама орналастырылған ғимараттар мен құрылыстардың меншік иелері. Сонымен қатар заңды тұлға өз құрылымдық бөлімшесін дербес төлемақы төлеуші ретінде айқындауға құқылы.

 **Төлемақы мөлшерлемелері** жарнама орналастырылған айдың бірінші күнінде қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) мөлшеріне еселеніп белгіленеді. Төлем сомасы бекітілген мөлшерлемелер мен жарнаманың нақты орналастырылу мерзіміне қарай айқындалады:

 хабарламада көрсетілген мерзімге сәйкес;

 хабарлама ұсынылмаған жағдайда – жергілікті атқарушы орган айқындаған мерзім негізінде.

 Егер жарнама бір айдан аз уақытқа орналастырылса, төлемақы толық бір ай үшін есептеледі.

 Төлемақы жарнама орналасқан жердегі бюджетке ай сайын, ағымдағы айдың 25-күнінен кешіктірілмей төленуге тиіс.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төлемақыны есептеу жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мәліметтердің негізінде жүргізіледі. Аталған органдар есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей салық органдарына төлеушілер туралы, төлемақы сомасы, жарнаманың орналасқан орны мен мерзімі, сондай-ақ хабарламаның берілгені немесе берілмегені жөніндегі ақпаратты ұсынады.