
«Халық бухгалтері» республикалық акциясы өз мәресіне жетті 2026 жылғы 5 қаңтар мен 30 маусым аралығында өткен «Халық бухгалтері» республикалық акциясы аясында Түркістан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан 56 іс-шара ұйымдастырылып, 5000-ға жуық салық төлеушіге тегін консультациялық көмек көрсетілді. «Халық бухгалтері» акциясы кәсіпкерлердің салықтық сауаттылығын арттыруға, жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінде жұмыс істейтін кәсіпкерлерге бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша кеңес беруге, мемлекеттік кірістер органдары мен салық төлеушілер арасындағы өзара байланысты нығайтуға, сондай-ақ салық заңнамасындағы өзгерістерге бейімделуге оң ықпал етті. Акцияға белсенді қатысып, оның табысты өтуіне үлес қосқан кәсіби бухгалтерлерге және барлық қатысушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз!